Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы шегенделді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте екі мемлекеттің басшысы қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық