Қазақстанның қатпарлы тарихына көз жүгіртсек, небір ақтаңдақ беттерге тап боламыз. Солардың бірі – 1930-жылдардағы ашаршылық. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтан қазақ көп азап тартқан. Дегенмен сол заманда аштық болып жатқанын жасыруға тырысқан. Елдің тұрмыс-тіршілігі қалай суреттелгенін білу үшін «Казахстанская правда» газетінің 1933 жылы шыққан санын