Алматының 20 жастағы тұрғынынан алты бума есірткі тәркіленді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Ақпаратқа сүйенсек, күдікті Алматы қаласы Әуезов ауданы аумағында ұсталған. Полицейлер оны тінту кезінде лентаға оралған алты бума есірткі тәркілеген. Күдікті есірткіні тауып алып, өзіне қалдырғанын айтқан. «ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі – аса ірі көлемде …