Халықаралық іздеуде жүрген ӨКМ Операторының» құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, қазір күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті