20 мың — Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қаңтарда Қазақстанға осыншама террорист басып кірді деді. Бұл көптеген адамның оққа ұшып, азапталуына себеп болды. Кейін Тоқаевтың бұл сөзін Твиттер мен телеарна эфирлерінен өшіріп тастады. Билік ешқандай «20 мың» террорист туралы сөз болмағандай сыңай танытты. Бірақ «ескертусіз оқ ату» бұйрығы құрбандарының санасынан оны өшіріп тастау мүмкін емес. Masa