Қарағанды қаласының полицейлеріне 27 жастағы үндістандық азаматы белгісіз біреулер оны күштеп көлікке отырғызып, Астанаға алып кеткенін айтқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Күдіктілер шетел азаматын пәтерде ұстап, «зорлық көрсетеміз» деп қорқытып, оны босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері арнайы жедел іс-шаралар барысында елордада жалдамалы пәтерді анықтап, адам ұрлау