2022 жылы 22 мың ресейлік азамат Қазақстанның жергілікті атқарушы органдарынан елде жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Ресми түрде жұмыс істейтін барлық ресейліктің міндетті зейнетақы жарнасы жүреді. Сонымен қатар қазір Қазақстанда басқа елдерден келген 14 мың маман жұмыс істейді.