«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның №2 қаңылтыр прокат цехының химиялық ұстағыш қондырғысында мердігер ұйымының қызметкері қаза тапты. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады. Оны жөндеу жұмысы кезінде тоқ соққан. Медицина қызметкерлері оны құтқара алмады, қызметкер есін жимастан көз жұмды. Дәл осы цехта таңертең зарядтау станциясының еден плиталары опырылып түскен. Зардап шеккендер жоқ.