2022 жыл азық-түліктің соңғы жылдары болмаған деңгейде қымбаттауымен есте қалды. Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 41 пайызы азық-түлік өнімдері бағасының бұрын-соңды болмаған өсімін атаған. Бұл жағдайда билік жаңа жыл қарсаңында бағалар өспейді деп уәде еткен еді. Уәделері тек осы мерекемен аяқталмай, келесі жылы да сақталып қалар деген сенім білдіреміз. Биыл елде қант бағасы ерекше шарықтады.