Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев елде күзге қарай құрылыс материалдарының бағасы қымбаттайтынын болжап отыр деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. «Құрылыс материалдарының нарығындағы өндірістік және сауда-саттық тұрақсыздыққа байланысты бүгінде көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, құрылыс көлемін қайта есептеп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта, 2022 жылы болмаса, 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін», – деді Ерғалиев. …