Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты жеке куәлік, паспорт және тағы басқа құжаттарды рәсімдеу кезінде төленетін мемлекеттік баждың мөлшері де көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК - 3692 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге болған.