Қазақстанда төлқұжаттар мен жеке куәліктерді алуға төленетін баж мөлшері өзгерді, деп хабарлайды Elkz ақпарат агенттігі. Құжаттарды ресімдеу айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты қымбаттады (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3692 теңгені құрайды. 2023 жылы 1 АЕК – 3450 теңге).