«Қазгидромет» синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады. Алдағы күндері еліміздің басым