Қардың күрт еруі мен табиғат мінезінің құбылуы салдарынан «Шардара» су қоймасы ерте толып, ақыры апатты жағдайға ұласуы мүмкін. Сырдария өзенінің бастауында тұрған көршілес елдерден ағып келіп жатқан су мөлшері бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл едәуір мол. «Астана» телеарнасының көрсеткен деректеріне сүйенер болсақ, өткен аптаның әр күні су қоймасына орта есеппен 42 млн текше метр су құйылған.