Синоптиктер 23-25 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады. «Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген …