«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман күтіледі, делінген хабарламада.