«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда 2022 жылғы 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек батыста – ауа райы жауын-шашынсыз. Республикада тұман, көктайғақ, жел күшейеді, Қазақстан Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында – қарлы боран күтіледі. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қарағандының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Қостанайдың шығысында, күндіз