Жол талғамайтын көлікпен 30-дан астам қойды қаққан жүргізушінің әрекеті туралы видео әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан 30-дан астам қой, ешкі, қозы-лақтың тас жол бойында қансырап өліп жатқанын көруге болады. Телефонымен видеоға түсірген адамның айтуынша, оқиға Алматы облысындағы Тоғызбұлақ-Қалжат тас жолы бойында 20 мамыр күні сағат 07.37 кезінде орын алған. Алматы облыстық Полиция департаменті …