Нәрестелерді тауарға айналдырғандар желіде ашық саудаласуда. Қырық апта құрсағында жатып, мынау жалғанды көрсем деп тыпыршыған шақалағын далаға да, қалаға да, тіпті қоқыс жәшігіне тастап кету оқиғалары көбейді. Анасы өз қолымен өлтірген өлі шарананы да, шырылдай жылаған шақалақты да, бір өкініштісі, перзентханадан емес, дәретханадан алып шығатын болдық. Көкірегің қарс айырылады. Шарасыз ана мен жауапсыз әкеге лағнет