Елорданың Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, оның ішінде Astana Invest қолдауымен қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі өтті деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырған. Көрмеде азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының 350 компаниясы, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірушілер …