13 жыл бұрын Қостөбе ауылында 350 миллион теңге жұмсап мектеп салынған. Алайда бұл ғимаратта білім алу мүмкін емес. Мектеп 80 пайызға жарамсыз болып танылды. Билік мердігерлермен соттасып жатқан кезде, ауылдың балалары мен мұғалімдері көрші ауылға сандалып жүр. 2010 жылда қолданысқа берілген ғимарат ұзаққа шыдамады. Оқу сыныптары мен асханада тесіктер пайда болып, едендері ажырап кеткен. Ал