Алматының спорт басқармасы бұрынғы қызметкерлері ірі соманы жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Агенттік спорт басқармасының бұрынғы басшысы мен оның қарамағындағы қызметкерлері ЖШС директорымен алдын ала келісім бойынша бюджеттің 369 миллион теңге қаражатын ұрлағанын анықтады. Олар мемлекеттік сатып алу арқылы спорт құрал-жабдықтарын жалға алу, сертификаттар мен кубоктарды сатып алу бойынша