Өткен аптада әлеуметтік желілердегі қазақ аудиториясы Айнұр Тұрсынбаеваның Стамбұл қаласында өткізген тойын, Рим Папасының Нұр-Сұлтан-Астанаға сапарын, Нұрсұлтан Назарбаевтың мешітке барғанын және Геннадий Головкиннің жекпе-жегін талқылады. Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің үйлену тойын Түркияның Стамбұл қаласында дүркіретіп жасап, Қазнетті шулатып қойды. Еліміздің ығайы мен сығайы жиналған той әлі де ел аузында. Бірі ақынға құда болған жақта