Түркістан облысының Кентау қаласындағы мүгедектігі бар жандар көшеге шығып, қордаланып қалған мәселелерді биліктің есіне салды. Олар мемлекеттік жәрдемақы деңгейін көтеруді талап етті, деп жазады Stan.kz. Жәрдемақымен күн көру қиын боп барады, сондықтан мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық жұмысқа да тарта бастады. Алайда бұл жерде де қаржыландыруды қысқартады. Бұрын 85 мың теңге еді, қазір 40 мың теңге.