«Бизнеске жол» жобасы аясында бизнестің 400-ден астам мәселесі шешілді, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Атамекен» ҰКП бірлескен кеңесінде «Бизнеске жол» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы жасалды. Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілердің ең көп саны жер қатынастары саласына және инфрақұрылым объектілеріне қосылу мәселелеріне тиесілі. Сондай-ақ, салық және мемлекеттік сатып алу жүйелерінде