Елордада веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай бұқаралық велошеру өтті деп хабарлады turkystan.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен өткен велошеру қатысушылары екі қашықтықты бағындырды. Алдымен велошеруге қатысушылар 20 шақырымдық үлкен қашықтықтықтан бастады. Үлкен қашықтықтың басы елорда маңындағы Қосшы елді мекеніндегі айналма веложолдан басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында …