Паралимпиадашы Ербол Хамитовтың кез келген мотивациялық кітапқа бергісіз тағдыры бар. Ол 1997 жылы Петропавл қаласында дүниеге келеді. Бала кезінен спортқа қызығады. Екінші сыныптан бастап футбол ойнап, еркін күреске қатысады. 16 жасқа толғанда жекпе-жек түрлеріне аңсары ауып, грэпплинг пен джиу-джи