Келесте алаяқтық қылмысының 8 жайтына қатысы бар ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Келес полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны жақын таныс емес азамат алдап кеткен. Алаяқ кәсіпкерлік үшін мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 300 мың теңге алған. Алайда арада бір жыл