8 маусымда Қазақстанның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Онымен найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Атап айтқанда, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. […]