Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшыларының саммиті 9 желтоқсанда Бішкекте өтеді. Биыл интеграциялық бірлестікке Қырғызстан төрағалық етеді. Ресейлік журналистердің хабарлауынша, саммитке Ресей делегациясын президент Владимир Путин бастап барады. Саммит аясында президенттердің бетпе-бет кездесулері өтеді деп жоспарланған. Саммитке қатысушылар мен күн тәртібі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. ЕАЭО-ға Қырғызстанмен қатар Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей мүше.