Ауа-райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқитын болды. Ал 9 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабық. Абай облысында 9 қаңтар күні Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді. Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында