Биылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым көрсетіліп жатыр. Оның адвокаты Мұрат Амитовтің әлеуметтік желідегі парақшасына жазғанына қарағанда, күдікті Бас прокуратура қызметкерлерінің қысымына шағымданып, мәлімдеме жасаған. «Оның сөзінен тергеу изоляторының қабырғасында Бас прокуратураның МСРО жедел уәкілі Қайратқа адвокатсыз келгенін білдік. Оған моральдық-психологиялық қысым […]