Абай облысында 2 шілдеде сағат 11:00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді. Өрт шамамен 200 гектар жерге тараған. Елдімекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.