Абай облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың дерек шықты. Abai news телеграм арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, аязда үсіп қалған ерлі-зайыпты мен немересі ауылға жақын қалғанда таксиден түсіп қалған. Қайғылы оқиға Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында болған. Отбасының туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптылар 3 жастағы немересін алып, қаладан көрші ауылға қонаққа барған. Түн ішінде үйлеріне қайту үшін жолшыбай көлік тоқтатады.