Абай облысында 2009 жылы туған мектеп оқушысы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Қазіргі сәтте полиция қызметкерлері Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын жан-жақтан іздеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Ол 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 7:40 шамасында үйден шығып, мектепке аттанған.