Қазақстанда күйеу жігітпен әлеуметтік желілер арқылы танысып, шаңыраққа келін болып түсіп, қалың мал ақшасын алған соң қашып кететін қыз-келіншектердің саны артқан. Кейбірінің тіпті күйеу, бала-шағасы да бар болып шыққан оқиғалар аз емес. Сондай бір оқиғаны журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жариялады. Ақерке есімді қыз Қазалыдан Аралға келін болып түседі. Құдалар болып жиналып қыздың төркініне кешірім