Бүкіл әлемде және Қазақстанда пандемиядан кейінгі беби-бум республика халқын айтарлықтай «жасартты»: мысалы, биылғы жылдың басындағы мәлімет бойынша, елде 6,74 млн бала бар. Еске салайық: БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясына сәйкес, Қазақстанда 18 жасқа толмаған барлық адам бала саналады. Балалардың жалпы халық санындағы үлесі он жыл бұрын 30,1%, 2010 жылы небәрі 29,7% болса, қазір 34,1%. Өңірлер бойынша халықтың