1993 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін ұсталды. Ол ғаламтор желісінде автокөлік сататын сайттарға (kolesa.kz) жалған жарнамалар жариялаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Жарнамадағы көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Төлемді әлеуметтік желіде танысқан қыз-келіншектердің банк-шоттарына аудартып, кейін қоғамдық орындарда өзінің карталарының бұғаттаулы екенін