«Қазіргі қоғамда адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сенімі азайып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті», деді президент Тоқаев Абай облысында Семей жұртшылығымен кездесу барысында. Оның сөзінше, қатігездік пен сенімсіздік, немқұрайлылық, енжарлық – халықты жарға жығатын жағымсыз әдеттер. Біз ел боламыз десек, ең алдымен, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Сондай-ақ, өзара тілектестік пен бауырмалдықты әрдайым