Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Ата заңымызға енетін жүйелі өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысы жария болды. Нәтижесінде дауыс беру құқына ие азаматтардың 68,4 проценті, яғни 8 млн астамы өз мүмкіндігін пайдаланды. Ал олардың 77,2 пайызы өзгерістерді қолдады. Бұл референдум үшін, …