Қасым-Жомарт Тоқаев Әділғазы Бергеневті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысының жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды, делінген хабарламада. Ол Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып 2017 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.