«Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады, журналистер сұрағына жауап берді. Нәлібаевтың баяндамасын бастан-аяқ көріп шықтық. Оқшау әңгімелер айтыла ма деген үмітіміз ақталмады. Бірсыдырғы есеп-қисап, «қатырып жатырмыз, жапырып жатырмыз» деген қызыл сөз, бос уәде ғана», деп жазған екен «Жас Алаш». Нәлібаев та басынан сын кетпеген әкім.