Лондонда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті. Шарада ағылшын тіліне алғаш рет аударылған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсауы кесілді. Британиялық шығармашылық интеллигенция ұлт ұстазының өмірбаянымен және еңбектерімен танысып, пікір бөлісті.