Қазақ тарихында ұлт руханиятының көшбасшысы болған тұлғалар аз емес. Бірақ солардың арасында Ахмет Байтұрсынұлының орны ерекше. Себебі ол өзінің ұлтын надандықтың, бодандықтың, қараңғылықтың құшағына еніп, қалың ұйқыға кетіп бара жатқан жерінен «сары маса» болып оятқан адам. Және Ахмет Байтұрсынұлын