Халықтың авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде қатты сынға алуына байланысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталып, әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.Алматы