АҚШ президенті Джо Байденнің Вашингтондағы Ақ үйінен кокаин табылды. Бұл туралы ВВС жазды. Онда АҚШ Құпия қызметінің Ақ үйден ақ ұнтақты есірткі затының тапқаны туралы айтылған. Осы дүрбелеңнен кейін президент аппараты толық эвакуацияланып, Ақ үй қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылды. Қазір бұл дерек бойынша полиция арнайы сараптама тағайындап, тергеу амалдарын бастап кетті.