Қатонқарағайда Қалихан ағам мен Дидағамның тойы өтіп жатыр екен. Той құтты-берекелі болсын! Әдебиет әлемінің тұрғындары тайлы-тұяғымен толық жиналыпты, фото рәсімдерін көрсең, көзің де, жаның да қуанады. Түнеукүні маған осы әдебиет мейрамына “қонақ болып келіңіз!” деп Шығыс Қазақстан облысының қыз-жігіттері неше қайыра хабарласқан еді. Сол кезде айтқам: “Әй, байқаңдар, біз қазір “жақсылардың тізімінде” жоқпыз, шынымен шақырып отырсыңдар ма?!” деп әзіл-шыны аралас сұрап, күлген едім. “Ой, қойыңыз, сіз келмесеңіз, қалай болады!” деп шабыттана сөйлеген бауырларым тізімді қайта екшеген болу керек, артынан Шығыс жақтан жаңғырықтың жөтелі ғана жетіп жатты. Бәсе, айтқаным айдай келмеді ме!.. Осы бар ғой, сәуегейлігің орындалып жатса, дүниеде оған жетер […]
Жаңалықтар





































