Бас прокуратура Қытай елі өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартқанын хабарлады. Алайда бойжеткеннің қорғаушысы оның отанына оралуы мүмкін екенін айтты. «ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартты. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгеніне байланысты осындай […]