Қоғамда кеңінен талқыға түскен Алматы облысындағы 15 млн теңгеге сатылған мектепке қатысты әкім мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов әлеуметтік желідегі парақшасында білім ордасының мемлекет меншігіне қайтарылатынын айтты.