Конституция мен өзге де заңдарға сәйкес, президенттің барлық деңгейдегі әкімдерге кез келген уақытта тікелей тапсырма беруге құқығы бар. Осыдан-ақ неғұрлым президенттің билігі көп болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік саясатқа араласуы қиын болатынын байқауға болады, дейді саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов. Оның пайымынша, Қазақстанның 20 өңіріндегі 12 миллионға жуық азаматты мемлекеттік шешім қабылдауға қатыстырудың ең төте жолы – барлық